Өлең, жыр, ақындар

Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 395
Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ,
Өлең – тағдыр,
Тағдыр бірақ сайқал-ақ.
Жазбен қыстай өрнектедік ғұмырды,
Тағдыр мені...
Мен өлеңді қайталап.
Бірі өмірді аңыз етіп жазады,
Ал бірінің мен тартамын азабын.
Күлкі бояу, күбір-күбір әңгіме,
Тағдыр менің,
Өлең елдің мазағы.
Жалқы жұлдыз жегідей жеп жанымды,
Құс жолына құлаш ұрып сабылдым.
Бірі тасты жарып шыққан тамырлы,
Бірі ертеңді бағындырар әмірлі...
 
Құлагерді жетекке алып ноқталы,
Құба белге бұрын да бір тоқтадым.
Мынау менің айтып алған ариям,
Мынау менің жүріп өткен соқпағым.
Өлең – тағдыр...
Соның жүгін көтердім,
Кешегідей...
Бүгініме бөтенмін.
Бұл өлеңді жазып алғам...
Тәйірі,
Бұл өмірді сүріп алған екенмін!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ертегі елім, сен ие бай талғамға

  • 0
  • 0

Ертегі елім, сен ие бай талғамға,
Шежіреңді хақым жоқ айта алмауға.
Дала қоңыр,
Осыдан сәл ертерек,

Толық

Қалқам-ау

  • 0
  • 0

Қалқам-ау,
Не қалды екен біз қимаған?
Жапырақ жанымызды күз қинаған.
Құлын қуып, гүл теріп қоңыр дөңде,

Толық

Аяқталмаған күй балладасы

  • 0
  • 0

Қосқайың деген ғашықтар елі,
Атағы жұртқа әйгілі.
Сал-сері солай асыққан еді,
Ақбозға мініп...

Толық

Қарап көріңіз