Өлең, жыр, ақындар

Келбетің жалындаған елестейді

Келбетің жалындаған елестейді,
Жүрегім бір өзіңді бөлек дейді.
Қарасам бөтендердің жүздеріне,
Көре алмадым дүние сендіктейді.

Жаным, сенің тәніңе еліктейді,
Нәпсім менің, өзіңе жеріктейді.
Қасыңда әр мезетте болу үшін,
Күйзеліске сенімім берілмейді.

Сендік мендік махаббат кезікпейді,
Кезіксе де өкпеңе езікпейді.
Қия алмаймын өзіңді кейбіреуге,
Бей ғашықсыз ғұмырға жетектейді…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің халық қорықпайды мылтықтан

  • 0
  • 0

Біздің халық қорықпайды мылтықтан,
Шыдатпады азық-түлік қымбаттан.
Қымбатшылық келіп жетті енді деп,
Арзандаттық газды біздер нарықтан.

Толық

Аңсаймын, ұмтыламын мақсатыма

  • 0
  • 0

Аңсаймын,
Ұмтыламын мақсатыма,
Қандай қиын,
Ауырлау жол болды ма?

Толық

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр

  • 0
  • 0

Зымыраған уақыттар өтіп жатыр,
Адамдық дүние үшін өліп жатыр.
Байлық, мансап, рақатты қуамын деп,
Көрге де дайындықсыз кетіп жатыр.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер