Өлең, жыр, ақындар

Күзгі кеште

  • 18.12.2015
  • 0
  • 3
  • 16594
Төңірекке тұрмын қарап,
Дымқыл сызды күзгі кеште.
Күн батарда қызыл жолақ
Әр нәрсе әкеп түсірді еске.
Күздің салқын күні батты,
Күрең тартты жер беті,
Тауларда өркеш бұлттар жатты,
Құдды қыстың келбеті.
Сол бұлттардың ызғарынан,
Түсіпті тауға жұқа қар.
Таудың шыңырау құздарынан,
Соққандай боп түр зәрлі ызғар.
Күзгі кеште біраз тұрып,
Еске алдым сүйген жарымды.
Суреті келіп, сүйкімді қылық
Тербеді ұзақ жанымды.



Пікірлер (3)

Ахмет Назым

Бұл жақсы жазылған, керемет! Бірақ бұны жаттағанға қиындық соқты

Myrza

Өте керемет!

Аяжан

Мұқағали Мақатаевтың Күзгі кеште өлеңі ұнады

Пікір қалдырыңыз

Дастарқан үстінде

  • 1
  • 2

(Өзбек жігітіне)
Ойға жыр, көңілге күй, жанға тыныс,
Айналаң алма-өрік, алда қымыз.
Асан атам аңсаған Жерұйығы,

Толық

Сәби - ана

  • 1
  • 42

Айналғанда аядай қалашықты,
Алдымыздан кішкентай Ана шықты.
Қырда отырған ауылға апаратын
Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.

Толық

Қыс келген күні

  • 1
  • 3

Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер