Өлең, жыр, ақындар

Қойшы

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 664
Кеулемей ме жегідей жанды шүбә?
Өз тірлігі өзіне мәнді шығар:
өмір-бақи келеді мал соңында.
Қаланы бір, оллаһи, көргісі бар!
Жоқтығын да білдірмей, барлығын да,
маңыраудан саңырау болды ұғымдар?..
Саясатпен қандайын кім біледі,
сақталулы партбилет – сандығында!
«Арға мығым жандар, – деп, – малға мығым»,
кеңсе тілі көрсетер жорғалығын.
Кеңесері – кемпірі.... Керқасқасы,
жауыр болған міністен, ол да бүгін!
Сол баяғы таныс таң, жолдас іңір...
Күйселумен бітпейді малдағы сыр...
Ақша – қызыл, әрине, бұл жақта да,
айтақтатқан марапат, ол да – қызыл!
Ұрты ұранмен майланған ел ағасы
ұрттап ішіп отырар қонақасын.
Мың сан тұяқ қиғылап бар тамырын,
бара жатыр келмеске Дала қашып!..
Шолақсайлық ғұмырын қабылдамай,
қырсығар да тұншығар көңіл талай!
Әлем қанша құбылып үлгерсе де,
«Ата жолын» тым қуғыш момындар-ай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдап әлі келе ме көлгір өмір?..

  • 0
  • 0

Алдап әлі келе ме көлгір өмір?.. Айтып
берсең қайтеді-ау сен бір емін! Космосқа
көзелер көкірекпен көздеріңе өлгенше
телміремін.

Толық

Ауыл кеші

  • 0
  • 0

Қастерлеген хатыңды, бағалаған,
аман-есен мұндағы жаман ағаң.
Қақпақылдап тынымсыз жел – уақыт,
қаңбақ – күндер келмеске домалаған.

Толық

Көкірекке күдік емген Ой толса

  • 0
  • 0

Көкірекке күдік емген Ой толса, жақ
суалар – есесі...
Туды бүгін арманыңды айтар шақ,
құдай берді десеші!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар