Өлең, жыр, ақындар

Мен өзімді іштегі шермен езем

  • 15.09.2022
  • 0
  • 0
  • 809
Мен өзімді іштегі шермен езем.
Ой-арманы жоқ адам, ол да – бәрібір –
орманынан айырылып өлген өзен!
Талай төніп санама мұнар-сұрақ,
өзегімді өртейтін шығар сынақ?
Мұңнан менің өзімді кім құтқарар?
Құмнан сенің көзіңді кім аршымақ?
Жарығына бет бұрып туар Айдың,
бұлт құрсағын бұл Маусым дұғалайды.
Сені қайта тірілтіп алатындай,
сел-нөсері құйып тұр «Құралайдың»!
Іңір – мылқау, түн – соқыр,
таң шолақта арманшылдың қуаты аңсар-ақ па?
Бүгін, иә, екеуміз удай маспыз,
Сен – нөсерге, бейбағым,
Мен – шарапқа! Тағы ішейік!
Ішуге жоқ па негіз?
Ішеді әлі аңқасы кепкен Егіз!
Өлдік пе жоқ қалдық па, жұртқа – бәрібір,
ақыл айта бермесін, жек көреміз!
Мен – бір ұлмын, түнерген, Сен – бір ұлсың.
Шекемізден сұп-суық тер білінсін!..
Дүниені біз әлі төңкерерміз... тек...
айығып алайық, ең бірінші!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұхит-мұңымның ұлулары

  • 0
  • 0

Төрт түлігі қоңданған күйістеніп
ел байлығын елеуге тиісті ері.
Арқарлар жоқ, тұяғын тұман жуған.
Бар қалғаны – шаңырақ-мүйіздері.

Толық

Қарауылда, автобекетте

  • 0
  • 0

Қарауылда, автобекетте,
Сені алғаш көргеннен-ақ,
бір шұғылаңды сезгенмін, шалқып тұрған.
О мезет — өзім де ауада қалқып тұрғам!..

Толық

Сені сүю

  • 0
  • 0

Сені сүю – күрсініп, күнде күту хатыңды...
Хат жазам деп мен де сан, түнге қалам матырдым.
Түнге қалам матырдым, жаныма іздеп бәтуә.
Қаламымның ұшында ауылымның оты бар.

Толық

Қарап көріңіз