Өлең, жыр, ақындар

Әй достарым

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма!
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндетті,
Бір көруің қанібетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсе алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа.
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа.
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың көлемге.
Ақылсыз достан - ақылды дұшпан артық.
Сырты майда, іші қан.
Ел ішінде жар - жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда мың сақтан.



Пікірлер (1)

Айымай

Маған Ыбырай Алтынсариннің осы әні ұнады! Өйткені мен Ыбырай Алтынсариннің осы әнін айтып бірінші орын алдым.

Пікір қалдырыңыз

Өнер-білім бар жұрттар

  • 3
  • 78

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,

Толық

Әй, жігіттер

  • 1
  • 26

Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз,
Азған елдің ішінен.
Алыс - алыс қашыңыздар,
Зияндасты кісіден.

Толық

Кел, балалар, оқылық

  • 2
  • 65

Бір Аллаға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.

Толық

Қарап көріңіз