Өлең, жыр, ақындар

Туыс тілек

  • 16.12.2015
  • 0
  • 0
  • 7246
Білетін сыйлата да, сыйласа да
Ақжарқын жақсы жеңге, қимас аға!
Армандай күттік қанша осы күнді,
Күтті оны бізбен бірге бұл босаға!
Қуаныш қорыққанмен шыны бірдей:
Жүрдік пе шын қуаныш сырын білмей?!
"Тіфа!" деп айтайыншы, кез тимесін,
Қарашы келін гүлдей, ұлың дүрдей.
Мүбәрәк көп тілеуін қайталайын,
Тағдыры ұзағынан сүйіндіргей.
Екі жас бақыт құшсын ғұмыр бойы
Тап осы той күнгідей, бүгінгідей.
"Келіннің,- депті қазақ,- аяғынан",
Бұ сөзге нанады қарт, нанады ұлан.
Бір әзіл қосқым келді өлеңіме:
Әзілде оғаштық жоқ баяғыдан!
Қозыдай төгіп берсін көктемдегі
Келіннің ұл сорғалап балағынан.
Жаңылсын ғазиз ата, ардақ әже
Немере, шөберенің санағынан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өкпелеме

  • 0
  • 0

"Түрсіз ғой" деп, түсіне тыжырынба, ардақтым!
Сұр шинелдің ішінде
Жүрегі бар солдаттың.
"Өңсіз ғой" деп, түсіне өкпелеме, ақылдым!

Толық

Түс

  • 0
  • 0

Түсіне қомағайдың ет кіреді.
Түсінде қыран бүркіт көк тіледі.
Түсінде орманшының тоғай түлеп,
Ұстаздың қанаттанар көп түлегі...

Толық

Әуейілер әулеті

  • 0
  • 0

- Құрманғазы көзінше сен күй шертпе!
- Карповтарды шахмат ойнап, үйретпе!
- Әуезовке әу дей көрме сөз жайлы... -
Бізге уағыз соғасың-ау сөйдеп те...

Толық

Қарап көріңіз