Өлең, жыр, ақындар

Жетімнің өлеңі

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1586
Жетімнің күні құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен құдай алған.
Күтетін өз баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе дүние жалған.
Бетіңмен іс етуге ақылың кем
Бой өсіп, жас жетпеген білмейсің жөн.
Мал, басың ағайынның талауында
Алдамшы осы емес пе дүние деген?
Көзіңнен жас ағады қан аралас,
Биліктен мал түгіл, шығып тұр бас;
Сұраусыз малың да—құрық, басыңда—сырық,
Қыр аңы арыстан қабылан мұндай болмас.
Сау басың, дауда болар өскеніңше,
Күш кетіп ә десе мә дескеніңше
Ағайынның тәлкегінде иттей болған
Жетімдер толып жатыр әлденеше.
Шөлдесең сусын болар көлдер қайда,
Қарын ашса тамақ болар жерлер қайда?
Қаңғырып жүдеп-жадап жүргеніңде
Сипайтын маңдайыңнан ерлер қайда?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Есек пен сандуғаш

  • 0
  • 0

Отырған сандуғашқа келді есек,
Аузынан сөзі шығып кесек-кесек,
— Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім,
Сайрашы сынайын мен өзім естіп.

Толық

Маймыл

  • 0
  • 0

Өз біліміңше іс істе келсе шамаң,
Тырысып біткенінше қойып табан.
Құр бекер біреу пәлен етіпті деп,
Маймылша еліктеуін, тіпті жаман.

Толық

Қарға

  • 0
  • 0

Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,
Істеген ісін істеп шамаң, келсе.
Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма,
Қашан бір әдеттеніп үйренгенше.

Толық

Қарап көріңіз