Өлең, жыр, ақындар

Сәрсен

  • 05.08.2022
  • 0
  • 1
  • 767
Балағын, жеңін түрініп,
Сәрсен егін айдаған.
Алқа-салқа киімі,
Белін жіппен байлаған.
Бұлшық еттер денеде
Бұлтылдап күшпен ойнаған.
Сіңір дене құрыштай
Жұмыспен қызып қайнаған.
Серке санды қос күрең
Көк темірге жеккені.
Қызыл бидай мес күрең
Қара жерге сепкені.
Жазғы жас жел жылмаңдап,
Жерді жалап қыдырған.
Жадыратты Сәрсенді
Жер қыртысын сыдырған.
Құлшындырып Сәрсеннің
Өсірді күшін жел исі.
Қайнатып қанын қыздырып,
Мас қылды тәнін жер иісі.
Жел мен жердің иісіне
Қосылды тәтті тер иісі.
Тер иісі — күшті денеден,
Бұлшық етті ер иісі.

1923 жыл, 26-сәуір



Пікірлер (1)

Медина

Норм бэ

Пікір қалдырыңыз

Гүлбаһрамға

  • 0
  • 0

Елден келдің қалаға
Оқу іздеп, шырағым!
Жүрмегейсің ұмытып
Ауылдың алыс — жырағын.

Толық

Бір ақынның сандырағы

  • 0
  • 0

Ауру ақын
Ыңқылдайды төсекте
Қыстығып.
Доктор жақын,

Толық

Біздің шепте

  • 0
  • 0

Ленин тұрды,
Нығып басып табанды.
Қолын сілтеп,
Берді қатты команды:

Толық

Қарап көріңіз