Өлең, жыр, ақындар

Бұлшық ет

  • 05.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1758
Боянған түрлі шырайлы
Сұлу емес, сырлы бет;
Ширатылған түйіндей
Шын сұлу — күшті бұлшық ет.
Тоқпақтай түйін бұлшық ет,
Әлемді күшке қаратқан:
Сан керемет машина
Күшімен ол таратқан.
Тоқтатпай күш жирылып,
Қозғалса ойнап бұлтылдап,
Ширатылып түйіндей
Жазылып жылдам жылпылдап.
Балғын білек, балтыр да
Ширатылған түйіндей,
Бұлтылдаса бұлшық ет —
Кім тұрады сүйінбей...
Көк темір құрыш болатпен,
Асусыз асқар тау кешкен;
Тас қопарып, жер үңгіп,
Шыңырау қазып, жер тескен.
Шыңыраудан қазып қопарып,
Шығарған болат көк темір.
Мыс, күміс, алтын, қорғасын,
Жер майы, алмас, тас көмір.
Аспанға ұшып су кешіп,
Дүние айналып қыдырған.
Темірден құйып жол салып,
Жер қыртысын сыдырған.
Түйіні тоқпақ бұлшық ет
Аюды да үйреткен.
Бұғалық салып сүйретіп,
Омыртқасын күйреткен.
Айғырдың тоқпақ жалындай,
Бөкеннің серке санындай,
Қайыңның қырған безіндей,
Шортанның жұмыр беліндей,
Ширатылып түйілген,
Болаттай күшпен иілген,—
Бұлшық етті білек пен
Балтырдан күшті дене жоқ!

1923 жыл, 8-сәуір



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дүниеде көркем күйлер көп

  • 0
  • 0

Дүниеде көркем күйлер көп,
Жаны бар оны сезбей ме?
Сезбейтін оны құр тұлып,
Тұлыптан кісі безбей ме?

Толық

Көңіл

  • 0
  • 0

Тұлпар мініп жүйткіп,
Құйындай ұшып ұйтқып,
Бір жерде көңілім тұрмайды.
Мұратын іздеп,

Толық

Қырғыз аулында

  • 0
  • 1

Несіне ақын сырын жасырады?
Несіне жан сүймеске ол бас ұрады?...
Мінеки сүйген елін құрметпен ол,
Көтеріп төбесіне асырады!

Толық

Қарап көріңіз