Өлең, жыр, ақындар

Жолдастар

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 1004
(А. Досовқа, М. Саматовқа)

Намысы бар нашардың балалары!
Неше мың жыл күл болған бабаларың,
Жолдастар!
Сансыз нашар дүниеден салды ұран,
Сол нашардың жалғыз біз паналары,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Қайраттанар кез келді — уақыттарың
Өз қолыңмен жасалар бақыттарың,
Жолдастар!
Неше мың жыл құлданған бай мен патша
Талқан қылып жоялық тақыттарын,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Теңдік бұрын нашарға келіп пе еді?
Көздің жасын жауыздар көріп пе еді,
Жолдастар?!
Жалбарынып жарлылар сұрағанда,
Байың, патшаң, тәңірің де беріп пе еді,
Жолдастар?!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Дұшпаның бай құлданған сені нашар.
Заман туды ту ұстап алға басар,
Жолдастар!
Асты-үстіне келтіріп сұм дүниені,
Жаңа тұрмыс, бақытты қолмен жасар,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Біз көргенбіз қорлықты, жылағанды,
Көздің жасын көл қылып бұлағанды,
Жолдастар!
Балғын білек күшімен аламыз біз
Неше мың жыл құдайдан сұрағанды.
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Ту тігетін, мінеки, замандарың,
Нық басатын темірдей табандарын,
Жолдастар!
Тендік, бақыт, әділдік орнаталық,
Бұзып кіріп дұшпанның қамалдарын,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.
Үлкен сынды, бәйгелі бұл бір майдан
Нашар ұлы жігерлі жатпа, сайлан,
Жолдастар!
Қорғалайтын күн өтті, бауырларым!
Арам құлқын, арам қан, патша, байдан,
Жолдастар!
Кедей ұлы жігерлі,
Бірігіп ұран салып қал.
Қызыл тулы майданда
Бостандықты алып қал.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Комбайн мен трактор

  • 0
  • 0

Сендерді елде
Досқа балай, —
Жарлы, орташа,
Кедей, малай,

Толық

Міне көл

  • 0
  • 0

Көлің міне,
Күндіз, түні
Мың түрлі әнмен шулайды.
Кейде тынық,

Толық

Қалаушылар жыры

  • 0
  • 0

Сұр алжапқыш, сұр кенеп,
Тегіс сұрғылт киіндік.
Тізе қосып қосылып,
Іске тастай түйіндік.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар