Өлең, жыр, ақындар

Тұлпарым

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2296
(Тұтқын)

Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап «шу!» деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігің шықсын күмістей
Шомылып аққан терменен.
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып көлменен.
Бұралған өзен, орманмен
Зеңгір таумен, белменен,
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.

1918 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арыстан Дәуітұлы

  • 0
  • 0

Пайғамбар жалын сөзі иман берген
Сансыз ер жолында өлмек соңына ерген.
Тілінен балы тамған, ақын бұлбұл
Мүлт кетпес тіл мен қолы бірдей мерген.

Толық

Ақсақ киік

  • 2
  • 43

Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
Жәндіктің киік деген баласы бар.

Толық

Толқын

  • 0
  • 0

Сұрапыл соққан күңіреніп,
Көл толқыны басылар;
Тітіреп дүмпіп жарылған
Жер толқыны басылар;

Толық

Қарап көріңіз