Өлең, жыр, ақындар

Ленин туының астында

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 504
Марксизммен
Белді бекем буына,
Салып ұран
Жұмыскер тап нуына,
Майдан бастап,
Ұран тастап,
«Алға бас, тап!.
Ленин шыққан
Шақырып өз туына.
Бұлшық ет,
Бұлт! Бұлт!
Қайрат, от,
Жылт — Жылт!..
Найза — Шоқ,
Қылт!
Соқпа, оқ,
Ұрт,
Мүлт!
Ленин бастап,
Ленин туы тігілген.
Сол туға кеп
Тап ерлері жүгінген.
Құрал — алмас,
Қаяу салмас,
Қажып қалмас, —
Қағысқанда-ақ
Жау тізесі бүгілген.
Ленинизм, —
Білім, құрал құрышы,
Майдандағы
Жұмыскер тап қылышы.
Алмас қылыш,
Өткір — қылыш!
Болат құрыш,
— Алмасты ердің
Жауды оңдырмас ұрысы!
Алмас қолда,
Жұмыскер тап майданда,
Шапты қайтпай
Патшадан да, байдан да.
Ленин алда...
Болат, балға...
Жау жақ, — далда
Алмас отты
Көктен атқан жайдан да...
Жұмыскер тап
Майданда алға өрледі.
Талай шапқан
Жауға туын бермеді.
Жау шабынды...
Жау жабылды,
Күш сабылды,
Жұмыскер тап
Оңға, солға
Ақ алмасты сермеді:
Раз, Два, Тап!
Раз, Два, Топ!
Лек- Лек, Сап!
Лек- Лек,
Сап! Тап,
Зұлым,
Тақ,—
Бай, Молда,
Жақ...-
Раз, Два, Тап!
Шың Болат
Шап!
Деп отырған:
«Қойша айдаймын құлымды
Алмас шапты
Ең жоғарғы зұлымды:
Патша бақ та,
Алтын тақ та,
Зұлым тап та,
Тажды басы
Домаланып жұлынды...
Жау шебінде
Бай табының
Лек, лек болған ұлдары,
Ақ жасыл ту,
Ала тулы сұмдары —
Өңкей жылан.
Топ-топ ұлан
Салысты ұран,
Арам пиғыл
Қанаушы тап мұңдары...
Ар иманы —
Қанаушылық атасы,
Бойтұмары — арам, ластық батасы,
Жанталасад, ұран шашад,
Майдандасад.
Күні бітсе дағы
Келмей «жатасы».
Аңдыған жау,
Қанды қанжар кезеңнен,
Сұм ұлдары
Тосқан талай кезеңнен.
Болып жоймақ,
Малша соймақ,
Қанға тоймақ,
Арам сұмдар,
Жаудырып оқ безенген...
Қанаушы тап
Әдістеп оқ атпағын,
Шашты түрлі
Былғанышты батпағын.
Бояп түсін,
Мықтап ісін,
Қайрап тісін.
Аласұрды
Жұмсап түрлі шатпағын.
Тісін қайрап
Қалың қара албасты
Әр кезеңде
Оғын кезеп арбасты.
Құртамын деп,
Тұтамын деп,
Жұтамын деп,
Қабан тісті
Ауыздарын жалмасты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ыбырай

  • 0
  • 0

Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай — топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып,
Жайылып талай әсем ән мен жыры.

Толық

Қызыл ерлер

  • 0
  • 0

Патшалар, байлар, мырзалар,
Көп жыл бізді билеген.
Шіреніп жатып ақ үйде
Табанымен илеген.

Толық

Қырда

  • 2
  • 4

Күңіреніп қырда отырып көкірек кернеп,
Ән салдым домбыра алып ырғап, тербеп.
Аузымнан өлеңімді қағып алып,
Ызыңдап кетті жаттап асау жел кеп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер