Өлең, жыр, ақындар

Бозторғай

  • 23.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2533
Міне, торғай,
Үйін қорғай,
Жер бауырлап зырлайды.
Шырқап биік,
Күнге күйіп,
Қалмай сайрап жырлайды.
Бозша торғай!
Толғай, толғай,
Қанатынды қағасың.
Ғашық жарың,
Бар ма зарың!
Кімге үніңді шағасың?
Жылаймысың,
Жырлаймысың,
Жырың моншақ тізілед.
Бірде ащы,
Бірде тәтті,
Бірде даусың үзілед.
Түрлі күйге,
Түрлі биге,
Құйқылжытып баса бер!
Жібек желге,
Жасыл жерге
Жетер, моншақ шаша бер

1925 жыл.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біз — комсомол

  • 0
  • 0

Біз — комсомол — жас қайратты,
Пролетар табынан.
Біз шалғыншы ұшқыр атты,
Алдыңғы сабынан.

Толық

Өткен күн

  • 0
  • 0

Сұлудай толып бұралған,
Жібекке жасыл оранған,
Жас өрім талдың жапырағы
Сарғайып түсті үзіліп.

Толық

Жау

  • 0
  • 0

Құрсаған жау
Ақ, көк, ала түменен,
Жер үстімен,
Аспанменен, суменен.

Толық

Қарап көріңіз