Өлең, жыр, ақындар

Алтын күз

  • 23.07.2022
  • 0
  • 2
  • 5365
Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын.
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.
Жер мен көк сап-сары ала алтын күзде,
Қызыл өрт жалқын жалын құба түзде.
Торайда жапырақтар сары алтындай
Төгіліп судырайды басқан ізде.
Сары алтын батсайыдай дала мидай,
Үйілген мая-мая қызыл бидай.
Қырманда қызыл алтын, қызыл маржан,
Жайнайды жаратылыс берген сыйдай.
Колхоздың күй мен күлкі қыр мен ойы,
Шаттықпен дуылдайды қырман тойы.
Жаңғыртып ой мен қырды ойнайды жан,
Алтынның буына мас күні бойы.
Төрт түлік мал мамырлап сайлап семіз,
Май менен балы шалқып түрлі жеміс.
Тел өскен, жеміс піскен, егін түскен,
Сары ала алтын күзде не бар кеміс!?.
Төтенше шалқытып мәз биыл бізді,
Шат қылды өте-мөте жарқын жүзді.
Конституция ұлы партиялық
Көркейтті биыл төтен алтын күзді.
Одақтық сегізінші шұғыл жиын,
Көрсетіп дүниеге ақыл-миын.
Алтынмен ұлы заңды жазып көкке
Сәнді әсем сәулеттеді күздің күйін.
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі.
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені!
Сондықтан алтын күздің күйі сұлу,
Күздегі жаратылыс сыйы сұлу.
Ұшқан құс, жүгірген ан ой мен қырда,
Ойнаған бұлаң қағып биі сұлу.
Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің,
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні.
Сызылад алтын сым мен көздің жыры,
Алтындай жалтыраған ой мен қыры.
Жалаңаш жердің тәнін шомылдырад
Күндіз күн, түндегі айдың алтын нұры.
Арқаның қиырсыз кең даласында,
Кесілген сансыз өлке саласында,
Ақ басын алтын шалған Алатауда,
Сыңқылдап күй жаңғырған арасында.
Алтын күз биыл төтен күйге толық,
Шаттық зор ауыл, аймақ қаласында.
Шырай шат, биыл өте, көңіл күйі,
Туысқан неше түрлі ұлт баласында.
Шаттық күн көкке әуелеп әрбір тұстан,
Естілед адам түгіл ұшқан құстан.
Алтын күз өте-мөте биыл күйлі,
Биыл шат өте-мөте Советстан.
Үлпілдеп кең далада сәнді ебелек,
Қаңбақпен ойнайды орғып қан көбелек
Шалқар көл, алтын орман, кең дала шат
Алтын күз сұлу күй мен әнге бөлеп.
Күміс су сумаңдайды таудан ағып,
Ойнайды сұлу күймен сылдыр қағып.
Тоғайда сүмбіл ағаш судырлайды,
Төгілтіп бойына алтын теңге тағып.
Тізілген құстар ұқсас керуенге
Лек-лек боп шеру тартқан серуенге,
Аққу, қаз, тырна қиқу, сыңқылдасып
Айналып қош айтысқан еру елге.
Ауылда қыз-келіншек, бала-шаға,
Шуылдасып, қарасқандай тамашаға,
Ән қосып тырналардан сәлем айтад,
Қарындас алыстағы құдашаға...

1937 жыл, 1-қаңтар.



Пікірлер (2)

Медина

Құштарлықты оятатын өлең екен

Тілмаш

Сәкен Сейфуллиннің Алтын күз өлеңі әдемі

Пікір қалдырыңыз

Далада

  • 0
  • 0

Далада жазғытұры тостым желді,
Кезгек жел саулап есіп жетіп келді.
Гүл шешек, көгал шөптің басын сипап,
Көркейткен киіндіріп қара жерді.

Толық

Советстан - ер-ұланның бесігі

  • 0
  • 0

Советстан - адал еңбек кәсібі,
Адамзатқа теңдік — бақыт есігі,
Жауын қуған,
Ерден туған,

Толық

Жазғытұры

  • 0
  • 0

Кеш. Ымырт. Таудың іші... жазғытұры,
Құлпырды шыққа оранып ойы, қыры.
Тәніне құлпырған ақ перде жапқан
Сұлудай тау менен тас жердің түрі.

Толық

Қарап көріңіз