Өлең, жыр, ақындар

Ғылым

  • 23.07.2022
  • 0
  • 2
  • 2511
...Бұрын елді
Қамап шелге
Теңеуші еді
Өңкей көлге...
Жабық еді
Еңбекші елге
Қақпа есігі ғылымның.
Ел өзегі
Талулы еді.
Ғылым бұрын
Налулы еді:
Есігінде салулы еді
Қара құлпы зұлымның.
Қазір еңбек
Балалары
Қайнап білім
Саналары,
Жайнап көзі
Замандары
Ғылым тасын кеміред.
Еркін екпін
Өрге жүзіп,
Ескі салттың
Заңын бұзып.
Тамырларын
Қоймай үзіп
Надандықты жеміред.

1936 жыл, 16-желтоқсан.



Пікірлер (2)

Димаш

Ғылым

Димаш

Өрге басқан
Келер басқа

Пікір қалдырыңыз

Тізушілер

  • 0
  • 0

Гүрсілдейді баспахана,
Ұйықтатпайды түсірі.
Жасанды азық, басқа сана,
Қызықты өрнек түсіріп.

Толық

Манжурда минами

  • 0
  • 0

Еңбекші әлем,
Тыңдаңыздар!
Зұлымдықты
Жүрек сыздар!

Толық

Қарлы аязда

  • 0
  • 0

Жерді басқан аппақ қар...
Соғад аяз, ызғырып —
Қызыл шұнақ, жалмаңдап,
Билеп күлед сызғырып.

Толық

Қарап көріңіз