Өлең, жыр, ақындар

Автограф

  • 14.04.2015
  • 1
  • 17
  • 66158
Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?...
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,
Езбін бе, әлде ермін бе,
Байқар едің,
Артықпын ба, кеммін бе?..
Мен Спартак бола алмадым, не шара,
Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да - осы,
Жырым да - осы,
Алдыңда?
Байқашы бір,
Бықсыдым ба, жандым ба?
- Махаңдар жоқ,
Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда!



Пікірлер (17)

Жанна

Маган Автографы Унады

Ерасыл

Өте керемет туынды

Назерке

Иə шыныменде өте əсерлі өлең.Мұқағали Мақатаев дарынды ақын ғой.

Аружан

Керемет өлеңдер

Айша

Оте керемет шыгармалар!

Ғабит

Өте керемет әдемі болып шығарылған

Мадина

Маған қатты ұнады.Әрі жаттауға да оңай.

Дана

Автограф өлеңі өте керемет

Арсен

Өте керемет өлең

Азамат

Мәнерлеп оқуға тамаша

Азамат

Өте керемет

Дияр

Иә шынымен өте керемет өлең болып шыққан

Жанель

Осы өлең жолдары маған өте қатты ұнайды

Азамат Құрманқан

Е Мұқағалидың өлеңдері жанды тербейді гой .Мұқағали атамыздың өлеңдерин оқыған өте тамаша

Joni

ұнады

Айша

Мұқағали Мақатаевтың Автограф өлеңі керемет

Пікір қалдырыңыз

Түсіме қала кірді

  • 0
  • 1

Қала кірді түсіме,
Мүмкін емес жеңуге,
Барлық елі ғаламның жабыла оған төнуде.
Мекені екен Достардың

Толық

Аппассионата

  • 1
  • 2

Увертюра
Қаланың еңсесін басты да,
Қалғытты боз тұман астына.
Кешең күз. Пешкова пәтері,

Толық

Ғасырлар перзенті

  • 0
  • 1

Ғасырлар - Аналар
Әлдилеп сәбиін тербеген.
Қатыгез күн туса паналар
Ер ұлға жерік боп шөлдеген.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер