Өлең, жыр, ақындар

Ғашықтың тұңғыш рет аймалауы

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 354
Кей жыршы, ермек үшін жыр құраған!
Жырт торын, – жалғандықтың, – таста, лақтыр.
Мас болам көзінен мен жаудыраған,
Ғашығым аймаласа сүйіп ап бір.
Кей жыршы – ұйқас қуғыш қиял құлы, –
Қоя тұр құмарлықтың талғамағын!
Сүймеймін сөнетінді солған гүлі,
Білмейсің жардың тұңғыш аймалауын.
Атпаса жыр жазарда муза жалын
Шақырма Аполлонды – келмес шауып,
Бір сүйіп қыз тілінің татшы дәмін
Жар түңғыш аймаласа туар шабыт.
Отырман жамау-жасқау мен өлеңге,
Ұнар ма, оңбаған жан үні маған,
Жүректің лебіне жыр тең келер ме –
Отындай жардың түңғыш аймалаған.
Қой жайған қойшылар да ой жылытар,
Оянсын, сезім бірақ, қайдан оған,
Ақ бетті ой нұры да солғын тартар –
Арумен салыстырсаң аймалаған.
Бастап-ақ Адам ата Хауанадан
Бақытсыз болған емес ылғи адам,
Өшкен жоқ жерде жұмақ, тұр ол жанған
Ғашық жар құшағында аймалаған.
Өшер от, өтер қызық, жандағы арман,
Ұстатпай жылдар жылжыр заулап алдан,
Бәрінен қуаныштың ойда қалған
Тәттірек тұңғыш ғашық аймалаған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Крещатик көшесі

  • 0
  • 0

Не деген ғажап кеше бұл,
Көрікті қандай Крещатик?!
Үйлердің сұлу нешеуін
Қарайсың тұрып бұрышта тік.

Толық

Тілерім

  • 0
  • 0

Томсарып тұйық түн өтті,
Таң алды жырды гүл басын
Тамсанып тұрып күн өтті
Тірліктің сұлу тұлғасын!

Толық

Ақын көрінісі

  • 0
  • 0

Жазғы жасыл жайлауда
Түріп ақ үй іргесін
Жайып тастап жырды алға
Ашып ақын кеудесін –

Толық

Қарап көріңіз