Өлең, жыр, ақындар

Анаға

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 612
I
Анам – елім қырғызым!
Еркін шолпан жұлдызым.
Жігіт боп өсіп тарандың,
Бойың толы бәрі алтын.
Анажан, сенен айналдым!
Шымшығым бұлбұл болса деп,
Сұлу жаз жайнап туса деп,
Таңдап гүлге қонса деп,
Ойлаған соң бір кезде
Ұлым адам болса деп
Дегеніңді ұғамын.
Айтқаның аумай келді дөп.

II
Шашу шаштың жолыма,
Ту ұстаттың қолыма,
Томағамды сыпырып,
Баулыдың көкке ұшырып.
Жүрек бердің, анажан,
Қорықпай жауға шықсын деп,
Қанат бердің шарықтар
Айлы аспанға ұшсын деп,
Қаршығадай қалықтап,
Сұңқардай қанат сызсын деп.

III
Анажан, білдім мен жете
Бір өзіңде береке,
Шешенге қызыл тіл бердің,
Бұлбұлға сазды үн бердің,
Жарқыратып көз бердің,
Күннің нұрын көруге.
Ақыл бердің есейтіп,
Алды болжай білуге.
Тұлпарға тұяқ жараттың,
Алыс жолға жүруге.
Батырға қылыш қайраттың,
Қайтпай жауға кіруге.

IV
Айтқанымның бәрі шын,
Әлпештедің он бес жыл!
Өсірдің мені шынардай,
Көтердің биік мұнардай.
Дейсің, бізге, анажан:
«Қызыл туды көкке өрлет!»
Серт етем мен: «Әр ұлың
Жайқалта оны көтеред!»
Жайқалды бақта гүл жарып,
Жер қуанды, күн жайнап.
«Ел үшін» деп үн салып,
Ерлер сапта тұр сайрап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Гагра

  • 0
  • 0

Аясын кең Абхаздың
Ашып теңіз жарына,
Бұлт түндігін шат-құздың
Түрген таулы Гагра.

Толық

Жалпақтал

  • 0
  • 0

Жүзіңді жылдар аңсаған,
Жаңа көрдім, Жалпақтал,
Жұртыңды жылы қарсы алам,
Жырымды да байқап қал.

Толық

Туымыз

  • 0
  • 0

Түнгі істейтін сменадан босанып,
Жүмысшы атай үйге қайтып келеді.
Таңғы ауадай көкірегін нұр шалып,
Партсъезі жолын сызған келелі.

Толық

Қарап көріңіз