Өлең, жыр, ақындар

Қыс

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 555
Жерді жапқан аппақ қармен жалтырап,
Тоғайлы түн жайнап тұрған далам кең,
Шыққан ерте күн сәулесі, шашырап
Күміс қарға жазады алтын қаламмен.
Мен оқимын күннің қарға жазғанын,
Ол жазуды көктемгі егіс жайында,
Көктем туса – сезем қарды қозғарын,
Қар ерісе – шулайды өзен сайында
Сол жазудан көрінеді көзіме
Жасыл тоғай жамылған ел даласы,
Балқып пісіп, қалғып өскен жүзімі,
Бұршақтайын жаудырайтын алмасы.
Тамаша ғой, қарасаңыз аңғарып, –
Күміс қарға ғажап жазу, сызуын,
Күннің өзі мақтан етед таң қалып,
Январьда-ақ алда тұрған күз күнін.
Жер сүйеді қардың қалың болғанын,
Қарсыз қысты жақсы екен деп қалмаңыз,
Босқа айтпаған: «Түссе қыста қар қалың, –
Деп, – күз дәнге толы болар қамбаңыз».
Жерге жауған қарды қабыл алыңдар,
Жатса ақ қар бейне ақ торқа секілді,
Қуантады мені қысқы қалың қар,
Егіннің ол – бітік шығар кепілі.
Қардың буын жұтып бақша бекінді,
Қыс көктемге жол береді, білемін.
Май гүлі, я жаз жемісі секілді,
Қыстыгүнгі күміс қарды сүйемін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңіз бала

  • 0
  • 0

Демалысқа барғалы
Әкесі мен анасы
Жиналғанда, қалмады
Жекен деген баласы:

Толық

Қашан пайдам тиеді

  • 0
  • 0

Араладым адырдағы бадалды,
Жүрегіме қу тікенек қадалды.
Жылан шақты, зәрін шашты, улантты,
Таба алмадым ем істейтін адамды.

Толық

Өнер күші

  • 0
  • 0

Үйіріле бұл белгіге, –
Керіп тұр жұрт енер күшін, –
Соны құйған Кербелиге
Айтқандай бар ел алғысын.

Толық

Қарап көріңіз