Өлең, жыр, ақындар

Орыстың ұлы өзені

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 400
Еділ сені білемін
Төсін сүйген қайықтың,
Анамдай сен менің,
Апасысың Жайықтың.
Ат жалдатып суыңа
Қарт Пугачев, Исатай
Қылышым жауға суыра,
Жағаңда жортқан ер Чапай!
Қара бұлттай түйілген
Сол ерлердің қуаты,—
Толқынына ту ілген
Күш боп сенде тұр аты.
Бала күннен өзіңе
Бауыр басып жүзген су,
Ыстық - ақсың көзіме!—
Өмірің бірге бізбен су.
Жақын едің бұрыннан,
Жатқа көзім қимастай,
Жатып едің бойыңнан
Жатқа сен де сыр ашпай...
Бүгін елім ашуға
Бізге арнаған сырыңды,
Сенен сәуле шашуға
Жұрттан қуат құйылды!
Толқынында ойнаса
Бұрын балық, құндыздар,
Жағылады тамаша
Ертең жарық жұлдыздар.
Сол жұлдыздар сәулесі —
Шарлап Каспий қырларын,
Гүлдер мәңгі мәуесі
Ноғай дала, құм Нарын!

1950



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Киев

  • 0
  • 0

Жеті шоқы басында
Жез иықты Киев тұр,
Көк дауылдай астында
Днепр толқын ұрып тұр.

Толық

Тамара

  • 0
  • 0

Дарияның терең шатқал құзын жара,
Ымыртта үңги ағып Терек тура,
Қап-қара жартастың дәл нақ басында
Тұрды ескі қарауытып бір мұнара.

Толық

Сағат тілі

  • 0
  • 0

Туар жылдың айы жарық сәулетті
Ақша қарлы сай-салаға шашқан нұр,
Кеудесіне ұшқындарын салюттің
Қадағандай жұлдызды көк аспан тұр.

Толық

Қарап көріңіз