Өлең, жыр, ақындар

Аспандай кең ашылған

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 406
Күлім көз көктен жарық етіп,
Жайғанда қанат жадырап,
Қар әр жерден жалт етіп,
Суға айналды жамырап...
Қара жердің қыстағы
Мұз көйлегі жырылып.
Қанат қағып құс тағы,
Ағашқа қонып сілкініп...
Қыс әлпетті шалдардың
Қырау мұрты жүзінен,
Кеткенін ызғар аңғардым,
Көктемдей күлген көзінен.
Көктемнен шуақ шашылған,
Жылы жүз жаздың нышаны.
Аспандай кең ашылған,
Еңбекке өлім құшағы.
Күн жылып, қысқы отардың
Төрт түлігі қаптап еді.
Шетінде қора, қотанның
Жатып үрді сақ төбет...
Сартау құмда, сары қарда,
Бөгет болмай ой, шұқыр.
Қыстатқан сары адырда,
Мыңдаған қойда қойшы тұр.
Еміреніп егізден
Ешкі лақтап, қой қоздап,
Қоралап қойды өргізген
Қойшы жүр шат ой қозғап...
Салпақ құлақ саулықтар
Маң-маң басқан маралдай,
Кімде мұндай байлық бар,
Еңбектен өскен аянбай.
Көктемнен шуақ шашылған,
Жылы жүз жаздың нышаны.
Аспандай кең ашылған,
Еңбекке елім құшағы.

1949



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Грузин қызы

  • 0
  • 0

Екі өзен — сұлу Кура, Арагва —
Тоғысқан ағысының торабында
Көз тігіп тұрды келіп толқындарға,
Жас қызы Грузиннің қарады да...

Толық

Көк арша

  • 0
  • 0

Таныс бізге көк арша
күнге еркелеп, тауда өскен.
Тау самалын оңаша
Жұтып, сұлу таңда өскен.

Толық

Тракторшы Николай

  • 0
  • 0

Жаңа келген Кубаньнан
Тракторшы Николай,
Еңбегін ел құп алған,
Көтеріпті тың талай!

Толық

Қарап көріңіз