Өлең, жыр, ақындар

Жеңіс туы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 468
Нарттай қызыл жеңіс туы,—
Таудың отты жалыныңдай.
Жарқыраған жазғытұрғы,
Жер жаһанның жарығындай.
Таңның туың ер шалқытып,
Тіккен Берлин күмбезіне.
Ту күшіне тас та балқып,
Кеуде керген күн көзіне.
Сонда Отан отты көзін
Шыңнан шола қадап еді,
Көрді бақыт нұр жұлдызын,
Қайтқан екен ана кегі.
Есте соғыс біткен жылғы,
Май айының дәл тоғызы.
Жеңіс күні тіккен туды,
Тына қалған қан теңізі.
Сонда: ананың қуанғаннан,
Кеуіп, тамған көзінен жас,
Бала күліп қуанғаннан,
Бауыры балқып иіген жартас.
Сонда: жерде шешек жарған
Гүл атылып қауызынан,
Кемпір-шал мен жас қуанған,
Жар сүйіскен ауызынан.
Окоптардан шығып сонда
Алған демін солдаттар да.
Ызы - қи ойда-қырда,
Шапқан тойда саңлақтар да.
Жая мен жал, бал шарапқа
Әрбір үйдің дастарханы
Жайылып, шат шартарапқа
Көз жіберді достар тағы.
Сұңқылдатып көл аққуын,
Сонда жазым жайнағанда,
Алтын қанат жеңіс туын
Тіккен менің аймағыма.
Қуанышқа аспанынан
Соққандай бұлт алақанын,
Жауһар шашып тастарынан
Шаттанған шың Алатауым!

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құм қызының жүзімі

  • 0
  • 0

Қымтай тастап қаланы
Құмның жалпақ табаны,
Ордадан сәл жоғары
Тұрды жүзім алаңы.

Толық

Көңіл күйі оянғандай

  • 0
  • 0

Бөленген туға бүгін алаң қандай,
Көркіне көңіл күйі оянғандай!
Бір жақтан күздің алтын бояуымен
Сарала ағаш басы боялғандай.

Толық

Жұманиязға

  • 0
  • 0

Жұманияз жұғымды,
Мінезі бар сабырлы,
Әрбір сөзі ұғымды
Арнасы кең сарынды,

Толық

Қарап көріңіз