Өлең, жыр, ақындар

Жаз

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 328
Аймағымды аялап,
Алтын қанат туса жаз;
Айдын көлді қиялап
Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.
Аққу жүзіп көлінде,
Гүлге қонып көбелек.
Сұлу жазда менің де
Көңіліме күй келеді.
Аймақтың алақанынан;
Көктемде жерге шашылған,
Ұзарып өсіп інжу дән,
Ат құлағын жасырған.
Шалқар егін жайқалып,
Секілді шексіз дария,
Теңселгендей шайқалып,
Толқындай ұрған жарына.
Күзетінде елінің
Тұрған түнгі солдаттай,
Күзетшісі егіннің
Ырысын күткен ардақтай.
Көз тіксең қырға азырақ,
Қой, қозы шулап жамырап,
Жайлауда жылқы азынап,
Даусынан тау жаңғырады.
Қайыруға дауыстап,
Жылқышыдан шықса айқай.
Осқырынып, ойқастап
Құйрық атқан құлын, тай.
Құрық алып жылқышы,
Қой қайырып малшылар.
Күзетіп малды түн іші,
Сызылтып салған ән шығар.
Елге ойдағы, қырдағы
Қақтырып жарқын жаз жайраң...
Қызып еңбек думаны
Шаттанып жұртым мәз-мейрам.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем

  • 0
  • 0

Күлімдеп келсе көктем гүлін ашып,
Бөленер алтын нұрға тау мен қия.
Қар көзінің жасынан інжу шашып,
Жасанар тал, құстар да салар ұя.

Толық

Есімде

  • 0
  • 0

Есімде менің еткен уақ.
Құлазып дала аңырап,
Қызарып күн батқан шақ
Қызыл шапақ жамырап.

Толық

Афин қызына

  • 0
  • 0

Соқты сағат айрылар,
Афин қызы, ғафу ет!
Бас досыңның жүрегін,
Мені, яки, жаныңа ерт.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар