Өлең, жыр, ақындар

Жастық шақ

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 839
Кіршіксіз таза көңілі,
Достықтан басқа ой ойламай,
Бал мінез бала өмірі,
Төзе ме, мәз боп ойнамай.
Даладан жазда гүл теріп,
Өзенге жүзіп балықтай;
Үстіне нұрын күн төгіп,
Шапқылар бала шалықтай.
Бұлт жауып қабағын,
Күз түскенде сұрланып;
Шуласып, оқып сабағын
Кітабын шығар қолға алып.
Қуана қарсы ап ұландар
Қыс түскенде қар жауып,
Сырғанақ теуіп құлдырар,
Екі беті нұр жанып.
Сәулетті біздің Отанда
Білімнің көзі ашылған.
Ұмтылса ұлан оқуға,
Өнерден сәуле шашылған.
Кім боламын десе де,
Таңдауына жол ашық.
Өмірі сай есуге,
Бақытқа туған жарасып.
Өмірді байтақ ана ғып
Жүректі таза ашып сап,
Сайран салған балалық,
Аяулы алтын жастық шақ.

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрекеңе

  • 0
  • 0

Қайран біздің Құрекең
Ірілердің бірі екен
Алматыға келерде,
Құтырынып тур екен.

Толық

Индия жыры

  • 0
  • 0

Біз мақтана аламыз,
Хақымыз бар мақтанар,
өйткені, біз емеспіз
Сотқарлардай сұқтанар.

Толық

Мерген бала

  • 0
  • 0

Демалыс күн дайындап,
Жазып, жаттап сабағын,
Көшеге шыққан адымдап
Балаға көз саламын.

Толық

Қарап көріңіз