Өлең, жыр, ақындар

Саған сәлем, туған ел

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 466
Төбесі күміс жамылған,
Кеудесі күнге шағылған,
Кек шатырлы Алатау —
Көк шаңырақ ақ отау,
Сәлем ап келдім шалғайдан
Көңілге медеу болған ел!
Майданды сонау даладан,
Оқ тескен тасын қаладан,
Аяздай, жауға үскірген —
Құрсанған қызыл әскерден
Сәлем ап келдім, туған ел!
Мұнайын шыңырау бұлақтан
Фонтандата құлатқан,
Көк қорғасын қорытқан,
Күркірей жауға оқ атқан,—
Саған сәлем, тыңда, ел.
Көк болатпен құрсанған,
Көк толқыны бусанған,
Жау қолынан босанған
Көк Еділден нұр шалған
Саған сәлем, тұлғалы ел,
Жауын қуған Еділдің,
Бойындағы елімнің
Сталинград береннің
Қаласы сәлем деген күн
Белін бекем буған ел!
Жаудан алған жарасын,
Жазып,
түзеп қаласын
Жұбатып бала - анасын,
Гүлденуге даласын,—
Құлшынды қаптай қордалы ел!
Зауласын күшті заводтар,
Құйылсын таудай танктер.
Құрыштан қамал құрған ел!
Біз майданда,
сіз тылда,
Бәріміз бір қимылда,
Біз окопта жатсақ та,
Атакаға шапсақ та
Күш бердің дабыл ұрған ел.
Алтынды, мысты далалы,
Алмалы, баулы қалалы
Өскен жер — ыстық, жан анам,
Жауынгер ақын мен балаң
Сәлемін, саған арнады ел!

1948



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Нарттар елінде

  • 0
  • 0

Темірлі тау шыңында ылғи көк тұман,
Ұнатамын сондағы орман жолдарын,
Емендерін бозғыл тұман жамылған,
Ақ шашағын иген жерге талдарын...

Толық

Ойлар

  • 0
  • 0

Ойлар, ойлар... тұңғиықсың сен түпсіз,
Ойдың бәрі болмас ылғи мүлтіксіз,
Ойлы өмірдің көріп биік тұлғасын,
Ойды қалай тұра аларсыз іркіп сіз?

Толық

Цыгандар

  • 0
  • 0

Бессарабия жерінде
Цыгандар көшіп жүреді.
Өзенді бойлап бүгін де
Шатырда жыртық түнеді.

Толық

Қарап көріңіз