Өлең, жыр, ақындар

Пушкінді көргенде

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 371
Сұрғылт түс, суық жүзді Петербурдың,
Бұрынғы патша үкімі тұрған жердің,
Гүл бақша еккен патша селосында,
Ақынның тастан құйған кейпін көрдім.
Лицейдің қатарынан аса беріп,
Пушкиндей ақын ұлға сәлем бердім.
Ойланып, оң қолына сүйеп басын,
Тас бұйра толқындырып қара шашын,
Көк аспан жиегіне көзін тіккен,
Жазуға отыр ма әлде поэмасын?
Секілді «Чайльд-Гарольд» торыққан ба?
Байрондай, әлде еске алған замандасын?
Томсарып түнеріңкі неге қаттың?
Терең жан қандай ойдан қайғы таптың?
Атасы ақындардың неге үнсізсің?
Сайраған бұлбұлы едің Иран-бақтың.
Тілейді ақын інің, бір сайрашы!
Алыстан іздеп сені Жаңа таптым.
Дегенде,— тас мүшесі ақын ердің,
Жанды жандай ишарат берді, көрдім;
— «Дәуірде өлген мен туған сол заманда
Сайрар жырды сайрағам, сайрап елдім.
Тірі ақынсын, өлместей тірлік көрсет,
Өлген ақын басына неге келдің?»
Деп, бейне тіл қатқандай болды еміс,
Абай сөзі сол бір кез етті елес:
«Өлсе — өлер табиғат, адам өлмес,
Ол, бірақ ойнап-күліп, қайта келмес.
«Мені» мен «менікі» нің айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес».
Өлтірсе де, патша атып, ақын жанды,
Мәңгі өлтіре алмады шығармаңды,
Адамды, ақын жанды бағалайтын
Совет елі бақытқа нұр боп жанды!
Сол ел сені ардақтап ақын-бұлбұл,
Жүз жылдық тойың шуы жерді жарды.
Мұхиттай өледінің толқындары,
Көкке ұрып «Бақшасарай фонтандары»
Я өзің, я сөйлеген сөзіндей боп,
Алмастай аузында елдің жарқылдады!
Ақындық, сенің өлең шың-құзыңа
Қандай жас үйренбеді, талпынбады.
Талпынып мен де саған келдім, ақын!
Құштарлы сәлемімді бердім, ақын,
Сен тірі, өлі емессің, сөзің куә,
Мәңгі өмір сүруіңе сендім, ақын.
Қөңілге жырларыңмен маржан тізіп,
Келеді, інжуіңді тергім, ақын.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қырғыз ақыны — Темірқұлға

  • 0
  • 0

Қайран өмір жасшылық —
Өтіп барад састырып.
Қыздар өпкен бетімді,
Қыл сақалға бастырып.

Толық

Ақын көрінісі

  • 0
  • 0

Сырласып ақын өзімен,
Көз жіберіп қырға алыс,
Қыр суретін сезінген
Жолдама берді жырға алыс...

Толық

Қақса бұлбұл таңдайын

  • 0
  • 0

Аласапыран қар кетіп
Қыр қарсы алса көктемін,
Теректі жел тербетіп,
Жылыта түсер көкте күн.

Толық

Қарап көріңіз