Өлең, жыр, ақындар

Шыңға атқан оқ

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 284
(С. М. Кировтың қаза болуына)

Күрсініп Нева толқыды,
Көк тұманын жамыла,
Соқты керней толқыны
Гранитті жарына.
Ел елеңдеп, ер сергіп,
Жеті түнде жасанды.
Кемпір Нева кемсеңдеп
Көзіне іркіп жас алды.
Үйткені туы қолында
Революция баласы,
Жаудан алған бойында
Жан тапсыртты жарасы..,
Miне осы үшін өршіге
Кекті жүрек күйінді;
Шымырқанып тепсіне
Шүйілді, миллион шүйілді.
Қараңғы түнде қызыл ту
Көшені қанды толқындай
Басты, ұштасып кетті шу,
Факелдер өртше жарқылдай!
Кронштадт күрілдеп,
Көк барабан қағылды;
Балтық теңіз дірілдеп,
Көк шатынап жарылды.
Теңіз ері тепсініп,
Қара бұлттай түйілді:
Ер Путилов кексініп
Жұмысшылар шүйілді.
Топан басса құламас
Біздің шың, құз ірі еді;
Шың басында Мироныч
Ер қыранның бірі еді.
Шашыратып наганнан
Шыңға атқан оқ немене?
Шың болаттан құйылған
Оқ дарыр ма жебеге?
Қош, Мироныч, сен кеттің,
— Күшінде биік шың қалды,
Кегі кетпес бұл кектің,
Шыңда миллион мың қалды.

1934



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір досыма

  • 0
  • 0

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –

Толық

Шаңқай

  • 0
  • 0

Мұздай қару құрсанған,
Полктан полк бусанған,
Танкі артынан көп танкі:
Жаудырғалы оқ танкі

Толық

Қалба құзы

  • 0
  • 0

Көп таудың бірі Арқада Қалба тауы,
Ақ құндақ асыр салған — аңға тауы.
Шыңғыстың хандығында қытай-моңғол,
Жорытып, батқан талай қанға тауы...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар