Өлең, жыр, ақындар

Өмір сөйлейді

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 369
Қоздатпас жырды қалай еңбек ері,
Өрге өршіп, өндірістің ерлегені!
Айналып айдай алмас тегеріштер
Күркіреп күндей мотор дөңгелеуі.
Ақынды, қаламды да бірге ойнатты
Мың тілді машинаның билегені.
Сол биге қалам билеп, мен сөйлесем
Өмірдің өз аузымен сөйлегені.
Күй күткен көріктене мүліктерім,
Тоздарда төлден ескен түліктерім.
Қойлардай айыр тұяқ қаламымды
Сондықтан маңыратып жүгірткенім,
Көкте құс, суда балық бола аламыз,
Жерімде экспресс көліктерім,
Сол күшті, сол ұлы істі көре-тұра
Қаламды жөн бе ойнатпай, мүдірткенім.
Құс тұмсық, құмырсқа бел қалам сөйлейді;
Өрге өрлеп, өмірменен санам сөйлейді,
Құлақ түр, қаламға тіл бітірді өмір,
Қуатты электрлі далам сөйлейді.
Аузынан ашса-алтын, жөтелсе жез
Ақтарған алып тайын ағам сөйлейді;
Эмбі ерні емерілсе мұнай атып,
Тербеле станогы тамам сөйлейді.
Жарқылдап болат қыран аспанында,
Қалықтап ай мен күннің қастарында;
Шарықтап қалам қалай жырын төкпес
Көк бұлттан адам құс боп асқанында.
Қақалта Қарағанды қара алтынын
Атқанда динамитпен тастарын да.
Қаптады ер қара жонға қайла жанып,
Шахтаның горизонты астарында.
Заводта көк станок темір сөйлейді,
Бұраған станокты ерім сөйлейді,
Жыр қылып ер қимылын қалам төксе,
— Ісімен ер сөйлемей, кімім сөйлейді?
Жаңғырып саңқылдаған дауысына
Тау, тас, су, нулы дала жерім сөйлейді.
Аңқылдап күй өрнегін ағытып тіл,
Жарқылдап қалам сырғып, өмір сөйлейді.

1933



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оқушы ма, мещан ба

  • 0
  • 0

Өзінше біліп,
Ішінде білік,
Қыдырып жүріп,
Миықтан күліп,

Толық

Алтын қанат

  • 0
  • 0

Алтын қанат тағы жазым
Келді, ауасы кеуде керней,
Көрдім ұшқан үйрек, қазын
Туған елдің үстін ерлей.

Толық

Досқа

  • 0
  • 0

Достым, жастай өлеміз деп налыма,
Сатып алған жоқпыз ғой біз ғұмырды.
Өзімізше жасап, өзіміз тағы да
Өткізерміз өлшеулі өмір сүруді.

Толық

Қарап көріңіз