Өлең, жыр, ақындар

Сүйгенім

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 444
(Мүнираға )

Орман көлеңкесінде,
Бұлтты аспанның кешінде:
Есімде... ұзақ қыдырдық
Жапырақтарға оранып,
Сүюге сезім оянып
Жүректі үнсіз ұғындық:
Жалғансыз жаннан леп есіп,
Жүрек пен жүрек тілдесіп
— Шыдатпай нәзік сезімді;
Көңіл күйі келгенде
— Төзе алып па ем бермеуге
Өзіңе бүкіл езімді?..
Отты қара көзінде
Жанған ұшқын сезімге
Қонды, өзге қонар ма,
Күлкі ұясы бетіңде
— Тұр жүректі шертуге,
Сүймеске сені болар ма?

1932



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақманай

  • 0
  • 0

Ай астында айнадай
Айдын көлің Ақманай,
Толқыныңа ай қарай, —
Аймалап таң атты арай.

Толық

Күтіп алшы

  • 0
  • 0

Біз майданда от шашуға адамның
Ажалы үшін жасамаймыз темірді,
Біз жасаймыз бақыты үшін әлемнің,
Жайқалтуға бейбітшілік өмірді.

Толық

Шопан мен әжесі

  • 0
  • 0

Көктемгі аспан көнегінен,
Құйды жаңбыр, құйды жаңбыр!
Өткізген бұлт елегінен
Күміс тамшы сүйді балдыр.

Толық

Қарап көріңіз