Өлең, жыр, ақындар

Таң шапағы

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 742
Мінекей таң сарғайды сіберленіп,
Таң қанаты жайылды жұлдыз сеніп...
Жасыл атлас секілді жібек жиек,
Көк белдеуі сары алтын нұрын төгіп.
Шығыр бұйра көк шөпте шық жылтылдай,
Күміс моншақ қойғандай сәнге сеуіп.
Таңғы тәтті тербеліп терең ұйқы,
Жұрт оянды, сыбырлап сыбыс беріп...
Ертеңгі уақыт мұнарлы тамаша жаз,
Сағым ойнайды, күн күліп қараса мәз.
Шеру тарта аспанда тізбектеліп,
Қиқу салған сыңқылдап қараша қаз.
Көкірек керіп жұпарлы ауа жұтқан,
— Аспан ана төсінде балаша қаз.
Қауырсынды қанаты бұлтқа сүңгіп,
Жүзіп барады қуанған балаша мәз.
Өзен ағып гүрілдеп сарқыраған,
Аспанға айна мөлдір су жалтыраған,
Жаңа шығып келе жатқан күңмін көзі,
Сәуле сеуіп, нұр бүркіп жарқыраған.
Алтын шыбық сәулесі көз ұялтып,
Жүзіп қана суда ойнап қалтыраған.
Саңқ-саңқ үріп қорашыл кәрі төбет,
Анда-санда қотанда барқыраған...
Жаңа-жаңа жұрт өріп тұрысып жүр,
Мал өргізіп, мал сауып шығысып жүр.
Иінінде су ағаш суға барып,
Әзіл сөзбен жеңгейлер ілісіп жүр;
Жұмыр торғын жарқылдап ақ балтыры,
Әлденеге сыңқылдап күлісіп жүр.
Құлын, тайлар құлдырап құйрық атып,
Бірін-бірі жарысып, қуысып жүр.
Анау белде қойшы әнін шырқатып жүр,
Жазғы жасыл даланы шулатып жүр.
Жерге қарыс кіргізіп тегершігін,
Тракторын тұлғалы ер тулатып жүр.
Қошқыл қара қорыс қып бұйрат дәнді,
Топырағын туырылтып туратып жүр.
От кеудесін соқтырып машинаның,
Енбек күйін үнімен жырлатып жүр.

1929



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақстан

  • 0
  • 0

Қазақстан кең көзі,
Алтын атқан жер көзі.
Асқар тауы асқарлай,
Асқарын сүйеді аспанда ай;

Толық

Жолбарыс терісін жамылған батыр

  • 0
  • 0

Бір батырды көрді ғажап басында өзен жиегінің,
Атын ұстап, арыстандай тұрған тұлға, реңінің,
Қаруын ер қасына ілген, айшық інжу жүгенінің,
Кө жасы оның, қанды бетін жуған, шерлі жүрегінің.

Толық

Орден туралы жыр

  • 0
  • 0

Қазақтың кең даласынан
Әнмен өскен бала едім;
Алтын таңның аясынан
Жаным күлген жан едім.

Толық

Қарап көріңіз