Өлең, жыр, ақындар

Қыс

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 555
Қылышын сүйреп қыс жетті,
Жер жүзін аппақ қар басып.
Қалшылдаған қыс «епті,
Суыққа суық жалғасып.
Аяз қарып жалақтап,
Қысқы суық қысылтты.
Кисе де .киім қабаттап,
Денені шағып үсітті.
Елемейді суық өткенін,
Шыңылдатып құлақтан.
Балалардың беттерін
Суық сүйіп қызартқан.
Талпынып балалар талапта,
Боқшасын іліп мойнына,
Бара жатыр сабаққа
Мойнын бұрмай ойынға.
Теміртай-ау, Теміртай!
Мектепке бар, қайдасың?
Білімнің тасын кемір, Тай,
Әкең малын жайғасын.
Қарашы, түрін боранның,
Бораған бұрқ-бұрқ борасын.
Қойшығұл, бірер қараңның
Жылы қылып, жайла қорасын
Қыс қысылтпай малыңды,
Жақсы күтсең еп қылып,
Жазды күн қатын-балаңды
Сауының асырар тоқ қылып,
Көк өгізің семірсін,
Қыстай тыныш от оттан.
Жаз шыға соқа жегерсің,
Сар далада соп-соптап.
Соп-соптаған дауысын,
Ұйқысын жердің оятар.
Еңбегіңмен таныссын
Балпаң байлар ойы тар.

1928



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәбитке

  • 0
  • 0

«Көркем сөзге қаламы
Көрмеген әсте мұқалып,
Мұны жазған адамы
Кәдімгі Сәбит Мұқанов», —

Толық

Қандай ұяң едің, қандай тіл алғыш

  • 0
  • 0

Қандай ұяң едің, қандай алғыш тіл,
Қуанушы ең құлы да оның болуға,
Не болса да оған тіпті бәрі бір,
Жаны салқын, жабырқаңқы ед налуда.

Толық

Май айына

  • 0
  • 0

Қызыл арай нұры жанып,
Көрдім туған көктің күнін.
Алатаудан бұлтты жарып,
Көтергендей алтын туын.

Толық

Қарап көріңіз