Өлең, жыр, ақындар

Заман кімдікі?

  • 11.12.2015
  • 0
  • 10
  • 14772
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы -
Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.
Жуас қой ен жайылған - қасқырдікі,
Құл еркі қожайыны - «тақсырдікі».
Құр қалмақ, әр орнында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қара басқырдікі.
Даулы мал - ебін тапқан шешендікі,
Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі.
Еті мол, қымызы мол, қалтасы тоқ,
Мінеки мені-ақ кісі десеңдікі.
Жаным - хақ, қара басым - патшанікі,
Абырой, кісілігім - ақшанікі.
Билігім, жиған малым, сөйлер сөзім,
Ашулы, жұдырығы зор саспанікі.
Жансыздық - іссіз қарап тұрғандікі,
Құр тілек құдай әбден ұрғандікі.
Күш-қуат жанталасып жинамасаң,
Мал, басың бұрын үміт қылғандікі.



Пікірлер (10)

Әлия

Өлең сөздің патшасы демекші бұл жерде бір айта кететін жайт оның өлеңдерінің сондай керемет тианакты ойды билдирип тур өте керемет тамаша!!!

Асылжан

Өлеңдері керемет ұнады. Өлеңдерін оқыған кезде тіпті адам жаны тынышталып каладығой. Әдеби, шешен сөздерді қосып керемет тамаша өлеңдер шығарған. Балалардың өзі бірден жаттап аладығой.

Сауле

Керемет

Жансая

Бұл өлеңдер керееемееет маған қатты ұнады.Əр сөзде керемет бір мағына бар

Жансая

Өте керемет!!!!

Əлия

Өлеңдері өте керемет! Тіпті көзіңе елестеп кетеді.Қандай əдемі жəне тианақты сөздер!!! Жалпы ұнады????

Калимат

Осы өлеңнің әрбір сөзі терең мағыналы тәрбиелік мәні бар сөздер жастар осы өлеңнен үлгі алу керек деп ойлаймын өте керемет жазылған сөз жоқ

аяжан

өте керемет жазылған олен арбир созинин мағнасы бар маған өте қатты ұнады

Гаухар

Өте оңай тез-ақ жаттап алдым, қазақ жазушыларының өлеңдеріне не жетсін.Сөзсіз керемет

Жұмакүл

Керемет өте мағыналы өлең

Пікір қалдырыңыз

Балалықты сағыну

  • 0
  • 0

Уай, заманым, балалық,
Әр ісің бір бадалық,
Алды-артыма қарасам,
Кетіп қапсың тазарып.

Толық

Жаз

  • 0
  • 4

Жаз келіп жайды құлаш халайыққа,
Өлшейік ғибрат көзбен қарайық та.
Жадырап жазылды жан қысылғаннан,
Дәулетке хақтың берген қанайық та

Толық

Қиялым

  • 0
  • 3

Таза жүн, түсі әдемі бір құс болсам,
Бұтаққа көңілім сүйген ұшып-қонсам,
Зарымды жұртқа айтарлық сайрағыш боп,
Уа, дүние, шығып мұңым, көрсем шолпан!

Толық

Қарап көріңіз