Өлең, жыр, ақындар

Аврорадан – космосқа

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 301
Он жетінші жылдың бұл
Сұрғылт, суық күзі өткір,
Үскірік жел талдың кіл
Жапырағын күзеп тұр...
Көк толқынды Неваның
Үстінде ылғи бұлт ойнап,
Невадағы қаланың
Тағдырын тұр жұрт ойлап.
Тұтанардай от жалын
Көрсең қала маңайын,
Түтіккендей патшаның
Шолсаң Қысқы Сарайын...
Сұрғылт Нева бусанған
Көктен бейне от сауып,
Кронштадт құрсанған
Киінгендей көк сауыт!

II
Балтық бұрқап кәрінде
Жағаны ұрған еңсеріп,
Аспалы шам әр үйде
Кетеді сәл теңселіп...
Тек, кейде бір жалт етіп
Алтын қылыш найзағай,
Бұлттың төсін сарт етіп
Тіліп өтед найзадай.
Сонда үйдегі кемпір-шал
Селт ете қап, – құдайға
Шоқынып ап, өзі сәл
Шомады кеп әр ойға...
Қала тыныш. Алайда, –
Мұнда тұр – бір күш толы
Кезін таңғы арайға
Қадаған ол – Смольный.
Осы Смольный өзінде
Ай маңдайы жарқырап
Ленин отыр, көзіне
Сыйып күллі атырап.
Нүктеге көз тоқтатып,
Алдына aп ол картаны, –
Қысқы Сарай жаққа тік
Жебе сызық тартады!..

III
Айналасы топ толы
Матростар, солдаттар,
Жұмысшы тап шықты ұлы,
Самсап ылғи саңлақтар.
Кенет, Ленин данадан:
– Баста! – деген үн шықты.
Дабыл қақты зор майдан,
Түн толқыннан тұншықты!
Аврораның таң алды
Оғы бір күндей күркіреп
Құлатты Қысқы Сарайды! –
Тігілді көкті ту тіреп!
Көк ала асау толқынын
Көтеріп Нева көкке атты,
Талқандап жау тамтығын,
Алынды мәңгі кек қатты!..
Россия басынан
Серпіліп қара көшті бұлт!
Туғызған Ленин ғасырдан
– Уһ! – деп,
жиды есті жұрт!

IV
Октябрьде осылай
Бізге бақыт таңы атқан,
Октябрь – бұл асыл ай
Жаңа дүние орнатқан.
Октябрьден оянып
Ойы қыры қазақтың
Гүл жайнаған ырғалып,
Өмірім де ғажап тым!
Өмір берген,
күн берген
Бізге дана нұр маңдай
Октябрь сайын мінбеден
Ленин сөйлеп тұрғандай.
Аврорадан басталған
Жолым жайнап алысқа,
Отанымнан ашты адам
Космосқа жол, Марсқа!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлең

  • 0
  • 0

Өлең шіркін — ұялшақ кейде қыздай,
Кейде — қоймас жүректен күйді ағызбай,
Жансыз өлең сезімді суытқандай,—
Басылады жүрекке кейде мұздай.

Толық

Шіркеулер

  • 0
  • 0

Кәне кезгі Киевтің
Түссе көзге шіркеуі
Күмбездері биік тым
Сан шежіре шертеді...

Толық

Бар дауыспен

  • 0
  • 0

Құрметті
жолдастарым, ұрпақтарым!
Ақтарып
қатқан көнін

Толық

Қарап көріңіз