Өлең, жыр, ақындар

Сөз зергер

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 556
Өлеңнің биік көгінде,
Шалқая бейне туған ай, –
Кең даламның төрінде,
Жаны ақын туды Абай.
Шырқай Шыңғыс тауынан,
Жыр қанатын қомдаған
Шырқап алыс ауылдан
Ел арманын толғаған.
Сол бір кезгі бұлт басқан
Аймағымда қырдағы
Астында ол бұлтты аспан
Боп жанды қыр шырағы.
Тозыңқы жыр тұсауын
Тот басты деп кесті де,
Жайды алға құшағын
Сөз ескегін есті де!
Біздің өлең көзінің
Тұңғыш сұлу нұсқасы,
Абай қазақ сөзінің
Шын зергері – ұстасы.
Даласынан қазақтың
Аға орыс халқына,
Достың қолын ғажап тым
Созған ақын талпына!
Жыры туыс жырына
Александр Пушкиннің,
Содан жаны жылына
Жалынын атты күшті үннің!
Үзді дағы ескі үнді, –
Сайрап кетті жаңа саз,
Бұл жаңа саз естілді
Лебіндей бір жаңа жаз.
Пушкин жазған талай күн,
Татьяна хаттары.
Даламызда Абайдың
Қаламынан жатталды.
«Кавказдай құзда туған перзентіңмін,
Бұлттың сүтін ішіп ер жеткенмін...»
Деген ақын Лермонтов
Сөзі Абаймен үндесіп,
Абай жыры елді ынтық
Еткен жанмен тілдесіп!
Бұлыңғыр заман шағында
«Мыңмен жалғыз алысқан...»
Абай бүгін бабында
Жаңа ұрпақпен табысқан.
Жатса да туған жерінде –
Жидебайда зираты,
Абай тұр жердің көгінде
Жарқырап асыл нұрлы аты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауылпаз

  • 0
  • 0

Ой құйыны үйіріліп,
Көк алмастай суырылып,
Қаламы қылыш жарқылдап
Сұңқардай даусы саңқылдап.

Толық

Құрметті легион жұлдызы

  • 0
  • 0

Құйдың ерлік жұлдызы
Сәулеңді ер адамға,
Миллион жан өзіңді
Сүйіп, кірді майданға;

Толық

Май

  • 0
  • 0

Нұрын шашып,
Гүл ашып,
Жайнаң қағып келді май.
Тілге қуат,

Толық

Қарап көріңіз