Өлең, жыр, ақындар

Аймағым

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 445
Айы туып аймағым, –
Күн астында күлімдей,
Алақанға арманын
Алған бақыт гүліндей, –
Тоқталмастан кешіріп
Торт он жылды басынан,
Төрін тау қып көсіліп, –
Той-думаны ашылған.
Астанамыз Алматы
Аңсап тойын қарсы ала, –
Айдарлы ту қанаты
Желпініп тұр жар сала...
Алтын айдар қызыл ту
Астында асыр салған ел,
Айдын көлде бейне аққу
Ән салғандай самғады ел!
Салтанатты бұл тойда
Самғамасқа немене?
Жарқын халқым жүр тойда
Сайрамасқа немене?!
Ленин бақыт бергелі
Қырық жылда қазағым
Ел боп өсті іргелі, –
Менің де сол жазарым.
Еділдің қырық жасында
Басталып той-тамашам.
Ойқастап тау басына
Шыққандай жұрт қарасам.
Көрсең – Алатау үстін
Ақша бұлтын асқарға
Аймалатқан, – жамбысын
Атқандай-ақ аспанға!
Ақын, тойда таңдағы, –
Ұшырса жыр – жан құсын,
Адам түгіл, тау дағы
Неге атпасын жамбысын?!
Жарты ғасыр бұрынғы
Алматымды қарасаң:
Аспанмен тең бүгінгі
Биіктеген аласам.
Қыз өңіндей қанібет,
Алматының алмасы
Аймағымда әлі көп,
Сұлу өмір жалғасы...
Қырық жылда ел қунай
Құлпырды ата-мекенім,
Жетісуды кен қулай,
Ту көтерді Текелім!
Бейне Алатау – шөккен нар,
Төсі күміс, басы күн,
Шомған гүлге шопандар
Жайлауында Асының!
Сол жайлауда елімнің
Төрт түлігі мыңғырған,
Жәннаты ол жерімнің, –
Қарасам көз тұндырған!
Алтын айдар, қызыл ту
Астында асыр салған ел,
Айдын көлде бейне аққу
Ән салғандай самғады ел!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Индия жыры

  • 0
  • 0

Біз мақтана аламыз,
Хақымыз бар мақтанар,
өйткені, біз емеспіз
Сотқарлардай сұқтанар.

Толық

Достық туының астында

  • 0
  • 0

Бақыттың кілтін ашып елге Ленин
Қол қойып декретке Кремльден,
Халқыма ту тіккізіп, ер жеткізген
Мың алғыс данамызға нұрлы өмірден!

Толық

Украина

  • 0
  • 0

Украина ой-қырыңнан
Қуанышты ән құйылған,
Қырлығыңның құнарынан
Уызды алтын дән құйылған.

Толық

Қарап көріңіз