Өлең, жыр, ақындар

Болыстарға баға

  • 10.12.2015
  • 0
  • 0
  • 16939
Сыйқымбай өзің атың Аятбектен,
Сенде болат кездіксің асыл тектен.
Бойыңда қылтылдаған мінезің бар,
Әйтпесе озар едің талай көптен.
Ноғай мырза, атаң өліп бұл бір жұмыс,
Басыңа түскен екен қатты бір іс.
Болысың - Тілеуберді ана отырған,
Халқыңа оның өзі емес дұрыс.
Ақылсыз жігіт екен тыртаңдаған,
Бұл заманның болысы күй таңдаған.
Жек көргенін халық та сыйламайды,
Пәлеқор, ұры-қары келдің қайдан?
Әбілез, ұлы жүздің төресі едің,
Қарасам сендердің кең өңештерің.
Жақының - Байұзақты мақтасаң да,
Тұңғұйық қарасудың кемесі едің.
Жаныста әзіз Төле әділ болған,
Үшеуің де Төлеге теңеспедің.
Руы Шапырашты Саурық батыр,
Дулатқа асқар таудай емес пе еді?
Кеше өткен дүниеден екі үстінің,
Саурықпен қай жағынан теңес еді?
Болысқа сайламаса жамағатың,
Олармен тұрсыңдар ма егескелі?
Сыбағасын әр кімнің тартатұғын,
Ежелгі ата салты емес пе еді?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұраншыға

  • 0
  • 5

Батыр - ай, кедейшілік жаман екен,
Бұл дүние азулының заманы екен.
Қолдаушың арт жағыңда көп болмаса,
Жауапсыз кедей жазған қалады екен.

Толық

Төрелерге

  • 0
  • 1

Дәулетбақтан - Ноғайбай сен бір арсыз,
Байсүгір - Қараталдан тұғыянсыз.
Ыстанбек төремін деп мақтанбағын,
Бұл арсыздың ішінде сен де барсың.

Толық

Жұмыққа

  • 0
  • 4

Атың емес, Жұмық - ай, ойың жұмық,
Бір басыңнан шығады нелер қылық.
Сүйінбайдың аты бар, өлеңі жоқ,
Жүргендей боп кеттім - ау көзді жұмып.

Толық

Қарап көріңіз