Өлең, жыр, ақындар

Карги гого

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 349
Карги гого, карги гого,
Қарама сен қадалып,
Қара көзің мірдің оғы,
Жүрме жанды жара қып!
Көріктенген кезің сенің,
Кім қызықпас өзіңе,
Мөлдір қара көзің сенін, –
Құралайдың көзі ме?..
Карги гого, көріктенген
Өзге қыздан басқасың,
Қара шашқа көрік берген
Бес тал күміс ақ шашың.
Көзіңнен жан от алатын
Көркейтіп тұр шаш сені,
Анико деп аталатын
Атың қандай жақсы еді?!
О, Анико! – карги гого,
Ұзын қара кірпігің,
Карги гого, көрдім неге,
Кірпігің от бүркуін?..
Көз қиығын қадағаның
Қазір маған керек пе,
Неге көзді кеш қададың,
Оғыңды атып жүрекке?
Сен грузин сұлуысың,
Мен қазақтың ұлымын,
Жаралсаң да сүю үшін,
Қадама көз қиығын?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын аймақ

  • 0
  • 0

Гүрілдеп құздан құлап тау бұлағы,
Шола алмай бұлттан шығып ай қияны,
Шаңқылдап атар таңның жаршысындай,
Шағы еді қанат қаққан тау қыраны.

Толық

Бір досыма

  • 0
  • 0

Бір досым, маған кейде:
«Шайыр болып,
Майданға барып едің Тайыр болып», –
Дейді де, әзілімен қағытады, –

Толық

О, тоба!

  • 0
  • 0

Кей дүмше бар, ақынға тісін қайрар,
О, тоба! –болсайшы өз күшін де ойлар!
Өзі өлеңді түсінбей, ақынға өлең
Үйретпекші болады осындайлар...

Толық

Қарап көріңіз