Өлең, жыр, ақындар

Теңіздегі шағала

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 376
Айқара ашық теңізге
Үйде балкон есігі,
Соққан сонда лезде
Ерке желдің есуі...
Сұраусыз-ақ енеді
Самал сері бөлмеме,
Сипап нәзік себеді
Жұпар исін кеудеме.
Жұлдыз ояу бұл түнгі
Жоқ аспанның бұлты да,
Тәтті рахат ертеңгі
Жатыр едім ұйқыда...
Шырқап жырдай үн қатты
Әлденеме бір шеттен,
Шырт ұйқыдан оятты
Жатқан мені төсектен.
Көз тастасам қарсы ала
Толқын ұрған жағаға,
Келген екен жар сала,
Шаңқылдап топ шағала...
Көк теңіздің үстінде
Толған аппақ шағала,
Ақ шағала үстіне
Күн шашқан от шұғыла!..
Теңіз беті көркейген
Шағала аппақ, толқын көк,
Суға түскен ертеңмен
Шұғыла тұр алтын боп.
Бұл сұлулық мың сыры
Қалды көзде көлеңдеп,
Суреттейтін осыны, –
Шіркін, сұлу өлең жоқ!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Достық туы

  • 0
  • 0

Алыстан Африка, Азиядан
Жанына жарқын елдің жазы ұнаған,
Жол тартып қаламгерлер келді бізге,
Ұнайды жақсы жырдың сазы маған.

Толық

Ленин көктемі

  • 0
  • 0

Көрікті көктемінде апрельдің
Көңілі көтеріле жатыр елдің.
Көк бұлттан құйып өткен ақ жаңбырдың
Албырап тұрды дала тартып лебін!

Толық

Тарас Маңғыстауда

  • 0
  • 0

Тас қыздырып, даланы аптап күн күй
Теңіз жары қабақ түйген тұр биік,
Лашықта бір батқан күнге қадалып
Отыр Тарас ауыр ойда тұңғиық...

Толық

Қарап көріңіз