Өлең, жыр, ақындар

Партия, жырым өзіңе

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 496
Әсте бір, жоқ па сүйген асыл жарың,
Тегінде аз жырлайсың ғашық жайын, —
Десе дос, амалым не, мойынға алам,
Алайда, өлеңімнің асылдарын
Арнадым жақсы өмірге, жасырмаймын.
Мөлдір су, жайдары жаз, күзді жырлап
Қызыл гүл, уыз ерін қызды жырлап —
Мен-дағы өзгелердей өскем жас боп,
Бірақ та,— өз ойымша қызығып-ақ
Отанды жырлағаным қызығырақ!
Аумаған күндей жарқын өз қалпынан,
Көрікті шұғылаң бір көз толтырған,
Ұлына мейірімі мол жақсы анадай
Ел қуат алып тұрған ізгі атыңнан
Жырлаймын Коммунистік өз Партиям!
Сенімен бірге туды таң арайы,
Сенімен шықтық шыңға қарап әрі,
Сенімен миллиондар басып қосып,—
Сенімен гүлденді кең дала-дағы,
Сенімен жыр да туды санадағы!
Шаңқылдап көктен шолып қыран ғана
Жататын ұйқыда тек қиян дала,
Жайқалған, көрсең бүгін сай-саласын
Сарқырап өзен жуған бұраң қаға,—
Көркіне жеткендей шақ қиял ғана!
Көз жетпес ұшан теңіз қыр қиыры —
Құрсақты, дәнге буаз тың бүйірі
Моншақтай мөлдіреген ұрық төгіп,
Мәрмәрдай ақ бидайдың әр түйірі,
Қараған қызықтырып жұртты үйірді.
Жез мұртты, жебе сабақ қырда бидай
Көтеріп күнге басып, жерге сыймай,—
Жайқалып, қанаттарын көкке керіп,
Жотадан жел ысқырса — бірге шулай,
Ертіске Қостанайдан тұр қол бұлғай.
Жерімде жатыр байлық ағылып та,
Кендердің неше атасы табылып та
Алынды алтының да, металың да.
Туды әні,— маңғаз алып Магнитка
Қанаты тұр домнаның қағылып та!
Партия, сен арқылы бақыт таптық.
Біз шырқап, шыңға биік қанат қақтық!
Қайнаған Теміртаудың болатынын,
Жырым тек бір тамшысы болса нақтық,
Өзіңнің — өз партиям, құрышыңның
болу да бір ұшқыны маған шаттық!

1960



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Черкестер

  • 0
  • 0

Өлі ұйқы басып даланы
Сүңгіді тауға алтын күн,
Сөніп шапақ арайы,
Алыста талып шығады үн.

Толық

Берлинге

  • 0
  • 0

Күркіреп кәрі Карпаттан
Кәрін төккен бұлтты айдай,
Жарқылдап оқтар жан-жақтан —
Нажағайдай көкте ойнай,—

Толық

Анар

  • 0
  • 0

Асыл сыйы Наманганның күзінің
Асыл жерден жіберілген бұл анар,
Доп-домалақ шардай қызыл өзінің, –
Шоқтай жайнап піскен дәні гүл-жанар!

Толық

Қарап көріңіз