Өлең, жыр, ақындар

Тоты қанат

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 269
Қандай сұлу туған өлке қырлары, —
Шуағына шомылтқан мол апрель!
Сайрай білсе соны ақын жырлары,
Жаны самғай, қағып таңдай ақыр ел.
Күн көзіне аузын аша балауса,
Ағаш басын жарып жасаң гүл туды,
Қызғалдақтар желпілдеп бір жалауша,
Жасыл жібек жамылып жер құлпырды.
Апрельде қанат қағып құс шулап,
Қиқу салып, ән үзілтіп аспанда,
Ақты шыңнан құзға құлай ұшқындап,
Көк бұлақтар ойнақ салып тастай да.
Бұл кез жайнап жердің жұмыр шарында
Не жоқ гүлдеп, өніп-өсіп тумайтын?
Табиғаттың осы бір қыз шағында
Тоты қанат түлемей зат тұрмайтын...
Әйтсе дағы, қанатын жыл сан жайып,
Ай артынан туса да айлар талай мың,
Тәтті үмітін - елдің күткен сарғайып,
Тауып бере алған жоқ-ты талай күн...
Апрельдің бір кез нұрлы жұлдызы
Жүкті болып арманынан халықтың,
Адамзаттың бағына сәт келді ізгі
Ақылға бай ең алыбы алыптың.
Бұл сәт сонау жағасында Волганың
Шықты өзенге төсін кере кемелер.
Әлем білді Волгада бір туғанын
Ленин атты ұлы жүрек кемеңгер,
Жерге, дәнге ие қылып елімді.
Жасап берген өшпес өмір көктемін —
Ұлы өмірдей сүйемін мен Ленинді!
Ленин бастап елімнің ер жеткенін,
Жанға, апрель, нұрлы лебің тараған,
Жер жаңарта, жарқын туған жақсы айсың!
Лениннің бір жылы жүзбен қараған
Келбетінің жылуына ұқсайсың.
Жан-жануар бәріне ортақ сүйікті
Сені, апрель, жаз басы деп білемін.
Сен туғанда Ленин бірге туыпты,—
Сені ерекше соның үшін сүйемін!

1957



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақын досқа

  • 0
  • 0

О, бір күз, шағында ымырт түскен кештің,
Қойнында Текелі мен Ешкі өлместің —
Туғанын жырлы өмірге бір досыңның,
Өскенін және қалай ескермеспін?!

Толық

Ақын мен бұлбұл

  • 0
  • 0

Ойды оятар бұлбұл дейді сайрағыш,
Сонда, ақыннан болған ба ол ойлағыш?
Бұлбұл – гүлдің, ақын – елдің еркесі,
Ақын болсаң, жан толқыта, самғай ұш!

Толық

Түскі демалыс

  • 0
  • 0

Ішкен соң түскі тамағын,
Демалуға әрдайым,
Төсегі әр баланың
Шатырында дап-дайын.

Толық

Қарап көріңіз