Өлең, жыр, ақындар

Өмір деген...

Кейбіреулер өмірді өлең - дейді,
Нүкте тұрса дауысың төмендейді.
Ал біреулер өмірді өзен - дейді,
Ағып жатқан мөп-мөлдір кезең - дейді.

Кейбіреулер өмірді соғыс - дейді,
Күреспесең өліммен тоғыс - дейді.
Шала тілде сөйлесең сақ үніңмен,
Тіл құртқыштар кілең бір орыс - дейді.

Бірақ, өмір - қызықты уақыт екен,
Жетелейтін бізді алға бақыт екен.
Жетпіс-сексен жылдарға созылатын,
Өмір деген оралмас уақыт екен.



Пікірлер (2)

Аружан

Бұл Абайдың өлеңі ма?

Бекзат

Аружан, Ажар Заманғазинованың өлеңі деп тұр

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз