Өлең, жыр, ақындар

Жыр сапары

  • 07.07.2022
  • 0
  • 0
  • 470
Сұлу күз. Дала көз тартты.
Ақ тұман ұйықтап тұр құзда...
Жырымыз сол сәт жол тартты —
Туысқан ел — Қырғызға.
Жылтыр мұздай жолды айдын
Жүгіре ұтып асыға,—
Жонынан асты Қордайдың
Жыр толы біздің машина.
Зымырай, жүйткіп дөңгелек,
Төсінен талай белеңнің,
Келе жатты дөңгелеп
Ырғағындай өлеңнің...
Фрунзе келдік. Көр енді!—
Бөгет пе досқа тау, қырлар?!—
Қарсы алды бізді — өлеңді,
Өлеңмен күткен бауырлар.

1955



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ленин шамы

  • 0
  • 0

Көңілді шадыман топқа шаршыдағы,
Кеудемнен неше алуан ән шығады.
Жарқ етіп атқан таңдай ауылымда
Жайнады ұлы Ленин шам-шырағы.

Толық

Есімде Еділдің көк толқындары

  • 0
  • 0

Сонау кез сәуір шыға Сибирьдегі,
Көктемнің самалын ел сіміргені —
Есімде, Еділдің көк толқындары
Жатты ағып бейне өмірден сыр білгелі.

Толық

Тарас тауы

  • 0
  • 0

Мұңсыз тауы Тарастың
Минут сайын биіктеп,
Жырға бөлеп ай астын
Тарас тур бас иіп кеп.

Толық

Қарап көріңіз