Өлең, жыр, ақындар

Қалай?

  • 27.06.2022
  • 0
  • 0
  • 532
Тұлпарларым
Кермелерде
Тықыршып тұра алмайтын;
Сұңқарларым
Саңқылдап ұрандайтын;
Бір жағында — Саққұлақ,
Бір жағында — Таусоғар,
Алдында —Желаяқ,
Соңында —
Көлтауысар тұратын
Тұтас елім бар еді!
Сол елімнің,
Құдай-ау —
Жарылып! —
Бара жатқаны қалай?
Қыранның өзі
Бір шетінен
Екінші шетіне
Апталап жете алмайтын;
Аспандағы бұлттың өзі
Бір тауынан
Екінші тауына
Өте алмайтын
Шетсіз-шексіз
Жерім бар еді.
Сол жерімнің
Әркімге қолды боп
Тарылып
Бара жатқаны қалай?
Қалай?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұтқынға түскен көк түрік аруының зары

  • 0
  • 0

Ой, Тәңiрi-ай!
Күнi кеше ғана
Таудың тас емшегiн иiтiп
Алтын шайып ағатын

Толық

Тіліме тиіскен тексізге

  • 0
  • 0

Өз тiлiңдi өзiң
Бiлмегенiң үшiн
Жерге
Кiрiп кетудiң орнына,

Толық

Жан-жағына алаңдап

  • 0
  • 0

Жан-жағына алаңдап
қайнап жатқан қазандай –
адасады балалар –
вокзалдар мен базарда.

Толық

Қарап көріңіз