Өлең, жыр, ақындар

Бұзық көше

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 275
Тірліктеріне
Қарап тұрсам,
Көп адам —
Дәл қазір
Айқай-сүреңді,
Ырду да дырду,
Дарақы даңғаза
Қызыққа бататын;
Қанжары жалақтап,
Гүрсітіп
Мылтық ататын;
Айбақ-сайбақ ағашы
Төбеңнен
Іріңдей жап-жасыл
Бұлт боп төнетін;
Түндей біреулер
Албастының омырауын
Қақ айырып
Ындыны кепкен қара төбеттей
Ыңырсып еметін;
Ұры-қарасы
Көздері қызарып
Асып-тасатын;
Қарақшы, бұзығы —
Құтырған кезінде! —
Жазықсыз жандардың
Қандарын
Судай шашатын;
Төсегінде
Сайқал ойнақ сап,
Көшесінде
Шашы жалбырап
Сайтан жүгірген —
Шыққандай
Бұзық көшеден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ауа райы

  • 0
  • 0

Долы бір жел
Түс-әлпеті
Әлемтапырық
Қан-сөлсіз бұлттарды

Толық

Бір ақынға

  • 0
  • 0

Неткен оның тап-тар едi ұғымы.
Жоқ сөзiнiң сөлi менен шырыны.
Селтең-селтең,
селтең-селтең етумен

Толық

Қателіктен соң

  • 0
  • 0

Көңiлiмдi сенiмменен бiрлеген
аңдап жүру,
сақтығыңды бiлмеген –
өмiрiмнiң бұралаңды жолында –

Толық

Қарап көріңіз