Өлең, жыр, ақындар

Қарапайым халық туралы

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 504
Алтынмен апталып,
Күміспен күптелген
Үкімет үйінің
Есігі жабылмайды:
Қарапайым халықтың
Қамын ойлап
Құлаш-құлаш
Шешімдер мен
Құшақ-құшақ қаулылар
Қабылдайды.
Барлығын санауға
Жетпес-ау шыдамың да:
Парламент депутаттары
Қарапайым халықтың
Қамын ойлап —
Тонналаған —
Заңдарын шығаруда.
Министрлердің - қарашы! –
Қиналғандары сезіліп тұр:
Қарапайым халықтың
Қамын ойлап
Сөйлеген кездерінде
Сүйектері үгітіліп,
Еттері езіліп тұр.
Бірақ сонда да
Қарапайым халықтың —
Жарытып! –
Ас ішпейтіні қалай?
Бірақ сонда да
Қарапайым халықтың
Жыртық күртесі
Үстінен түспейтіні қалай?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табалау

  • 0
  • 0

Әлдекiмдермен
Әдiлдiк үшiн тiресiп едiм,
Әдiлдiк үшiн күресiп едiм.
Жеңiлдiм!

Толық

Дау

  • 0
  • 0

Менiң елiме
Қызыл көз,
Қызыл кеңiрдектi
Даулар кiрген.

Толық

Тасып кетер арнадан

  • 0
  • 0

Тасып кетер арнадан,
көктем, саған таң қалам.
Махаббатқа қанбаған,
көктем, саған таң қалам,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар