Өлең, жыр, ақындар

Жиіркенішті жан

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 353
Жүре берсең,
Көре бересің деген
Рас екен.
Мына бір жанның –
Күресіннен шыққандай –
Тәні де,
Жаны да лас екен.
Сөздері
Шайтанның
Дәретіне суғарылғандай
Қашыр да құшыр.
Жүріс- тұрысы
Бақсылардың
Жын-перілерді қуғандарындай
Тасыр да түсыр.
Тыңдап отырып
Қаның тасып кетеді.
Миың ашып кетеді.
Тыңдап отырып
Бірде қызарып,
Бірде бозарып
Сан түсті түрге енесің.
Ақырында,
Сол бір адамнан –
Ібіліс түкіріп кеткендей
Жиіркенесің.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өлеңім

  • 0
  • 0

Өлеңім-ау!
Дүниенің түрі жаман!
Түптің-түбінде қалжырап
Сен де өлесің,

Толық

Билікке таласу

  • 0
  • 0

Кiл жақсылар билiкке таласуда.
Таласуда, апыр-ай,
адасуда.
Дауыл тұрып жер мен көк арасында

Толық

Өлім

  • 0
  • 0

Астыңа
Сынған шыны төсеп,
Басыңа
Тас қойса да –Темірхан Медетбек

Толық

Қарап көріңіз