Өлең, жыр, ақындар

Шаттанғанда

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 334
Шаттандым!
Шалшықтың өзi
Тұңғиық терең боп кеттi.
Жаңқаңның өзi
Алып бiр
Кемем боп кеттi.
Шалқығаным сонша
Даламның өзi
Тарының қауызындай
Тар болды.
Қара суың
Бал болды.
Менi көрiп тұрған –
(Сүйсiнгеннен) –
Ап-арық адам
Жүн салған қанардай iсiнiп
Толғандай болды.
Үстiме қонған
Қара шыбынның –
Тойынғаны сонша! –
Торғайдай болды.
Үйiмнен
Алапат күшке енiп –
Ұшып шықтым.
Мелдектетiп от құйылған
Көшедегi шамдарды –
Шампан құйылған бокалдардай! –
Түк қалдырмай
Iшiп шықтым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтаймен кездескенде

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Жан-жүрегімнің
Ғажап бір күйді
Кешуін-ай...

Толық

Өлеңім

  • 0
  • 0

Өлеңім-ау!
Дүниенің түрі жаман!
Түптің-түбінде қалжырап
Сен де өлесің,

Толық

Колбиннің кезінде

  • 0
  • 0

Брежнев алаңында
Ұл-қыздарымды
Қанжоса қып
Жығып салғаннан кейiн;

Толық

Қарап көріңіз