Өлең, жыр, ақындар

Соңғы сөз алдындағы соңғы сөз

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 373
Майы таусылған шамдай боп
Сөнiп барамын.
Иесiз қалған тамдай боп
Шөгiп барамын.
Қай жаққа жүрсем де
Жұрт көрiп-бiлмеген
Сүргiн тұрады.
Қай жаққа қарасам да
Қап-қараңғы үңгiр тұрады.
(Үңгiр iшi, құдай-ау,
Толы шайтан,
Үңгiр iшi, құдай-ау,
Толы сайқал).
Не iстейiн?!
Амалым жоқ!
Бұлттың астынан
Бiр рет көрiне алмаған
Ай сияқты
Дүниеден озып барамын!
Күн жеп,
Жел мұжып,
Құрт-құмырсқа үңгiген –
Төмпешiктей! –
Тозып барамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шағын баллада

  • 0
  • 0

Есiме алсам сыздар жүрек жарасы!
Ауылға да қашық емес арасы
сонадайда жапа-жалғыз, көнелеу
жататұғын жас баланың моласы.

Толық

Тектілік

  • 0
  • 0

Зейнолла аға!
Бергенi аз,
Алғаны көп
Әлдекiмдердей

Толық

Қысқы серуенде

  • 0
  • 0

Маң-маң басқан
Бір кісінің жетегінен
Кішкентай ит көрдім:
Алматыда мұндайдың

Толық

Қарап көріңіз