Өлең, жыр, ақындар

Ай, дүние-ай

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 526
Ай, дүние-ай!
Кейде
Ақ көбiк қарға аунаған
Алтайы түлкiдей
Құлпырып тұрасың,
Кейде
Жолың кесiлiп
Қырқылып тұрасың.
Бiр кезде
Тай қазандағы
Бестi қойдың құйрығындай
Туырылып жатасың.
Бiр кезде
Табаға түскен тарыдай
Қуырылып жатасың.
Ай, дүние-ай!
Аяқ астынан
Есек аунап жатқан күл құсап
Бұрқырайтының-ай!
Ал бiрде
Бiреудiң
Есiгiнiң алдына тастаған
Аш нәресте боп
Шырқырайтының-ай!
Кейде сен
Лапылдап жанған
Оттан шыққандайсың.
Кейде сен
Мүңкiп жатқан
Боқтан шыққандайсың.
Бiрде
Тұлымшағы желбiреген
Құлыншақсың.
Бiрде
Әлдекiмдердiң қолындағы
Қуыршақсың.
Бiрде
Кеменi аударып тастайтын
Киттейсiң.
Ендi бiрде
Бүкшең қаққан
Бұралқы иттейсiң.
Ай, дүние-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қапалану

  • 0
  • 0

Арал теңiзiм –
Тұз сеуiп
Жиналмай қалған терiдей
Тырысып

Толық

Ұлы мәртебелі өтірік

  • 0
  • 0

Дәл қазір
Жоғарыда жүргендер де,
Төменде жүргендер де
Газет беттерінен,

Толық

Алла тағала құдіреті

  • 0
  • 0

Алла тағала
Көзге түртсе көргiсiз
Түттей қараңғы түндерде
Жасалынып жатқан бәлелердi

Толық

Қарап көріңіз